Енді мұғалім болғысы келген талапкерге талап қатаң болмақ

Енді мұғалім болғысы келген талапкерге талап қатаң болмақ

Қазақстанда педагогикалық мамандықтарға түсу тәртібі өзгермек. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. сайты jambyl.info-ға сілтеме жасап.

Жаңа талапқа сәйкес, енді талапкерлер тек Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен шектелмейді. Үміткерлер жоғары оқу орындары ұйымдастыратын қосымша ауызша емтиханнан да өтеді.

Бұл кезеңде университеттер талапкердің мамандыққа сәйкестігін, дайындық деңгейін және жеке қасиеттерін өздері бағалайды.

Аталған емтихан іріктеудің екінші кезеңі ретінде енгізіліп отыр. Соңғы қабылдау шешімі осы нәтижелерге сүйене отырып қабылданады.

Министрдің айтуынша, емтиханның нақты форматы әлі де пысықталуда. Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – талапкерлермен әңгімелесу форматында өткізу.

Барлық жаңалықтар