Енді мұғалімдер полицейдің міндетін де қосып атқара ма?

Енді мұғалімдер полицейдің міндетін де қосып атқара ма?
Белсенді ұстаздар әлеуметтік желіде саясаткер Ерлан Қариннің ұсынысын қызу талқылап жатыр деп жазады Democrat.kz.
 
Белсенді ұстаздардың айтуынша, Ерлан Қарин "есірткімен күрес мәселесіне мұғалімдерді де жұмылдыру керегін" ұсынған. Осы ұсынысқа байланысты танымал мұғалімдер Айнұр Сабыр мен Сәния Нүсіпәлі өз пікірлерін білдірді. 
"Ерлан мырза сынып жетекшілікке айына төйлейтін 8 мың теңгеге мынандай жұмысты да қосайық депті...
Мұғалімдердің мобилограф, детектив болып жүргені аз еді...
 
Енді нашақорлыққа қарсы күреске басты тұлғалардың бірі қылғылары келіп отыр ма?
Нашақорлардан "Сынып жетекшің кім болып еді?" деп сұрап жатсаңдар таңғалмаймыз" деп жазды Айнұр Сабыр. 
 
Айнұр Сабырдың осы жазбасына қатысты белсенді ұстаз Сәния Нүсіпәлі де пікір білдіріп, "мұғалімдерге учаскелік форма ғана жетпей тұрғанын" айтты. 
 
“Енді мұғалімдерге учаскелік форма ғана жетіспей тұр!"
Сабақ жоспарлары мен ата-ана чатындағы мемдерді қоса басқарған мұғалім – енді наркобақылау қызметкеріне де айналатын сияқты.
 
Келесі аптадан бастап "Есірткімен күрес" пәнінен курс өтіп, нашақорларды алыстан танитын қасиет орнатып берсе.
 
Оның есебін жасап, тау теңіз қып үйіп қойсақ.
Мұғалім – супергерой емес, суперполицей! Сабақ оқытпай, енді есірткіге қарсы рейд жүргізеді, чаттағы мемдерді сүзгіден өткізіп, көзіне линза салып алады.
 
Енді мектепке бронежилет пен дубинка әкеліп, "Сынып жетекшісі – қылмыспен күрес бөлімінің бастығы" деген тақтайша іліп қоямыз ба?"деп жазды Сәния Нүсіпәлі. 
 
Барлық жаңалықтар