Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жүрегіне сақтаған әсерлі естеліктерімен бөлісіп, досы Сәулены жоқтап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
“Торқадай жамылып ап топырағын , жатармын өз жерімде бір төмпешік”- деп Қасым ақын жырлағандай , біреу ерте , біреу кеш әйтеуір бір солатынымыз айдан анық…
Сауленің басына бара алмай , жаным жай таппай жүрген едім. Бүгін сәті түсті. Машинадан түсе сала , меңірейген қара тастағы күлімдеген жүзіңді көріп , көзімнен жас парлап , Сауле!-деп тірі адамды шақырғандай өксіп шыққан дауысымның дірілін біраз уақыт баса алмадым….
Жан- жағыңа нұрын шашқан жанашыр, Сауле! Аз уақыт болса да , жақын араластық. Сен туралы менің естеліктерім көп қой… Анам, балам, өзім емделуге клиникаға барсақ , ақша алмай әлек қылатынсың
( перевод жасатпай, екеуіміз кассаның жанында біраз дауласатынбыз ) Көнбеген соң, бір амалын тауып , дәрігердің қолы ауырмасын деп , жеке счетына салатынмын.
“Досың дос болғанына шаттан, дұшпанмен дос болудан сақтан, “-деген атам қазақ. Өзіне керегін алып, екінші күні танымай қалатын талай сатқын, сайқал “достарды” да көргенбіз… Мен желіде, мыңмен жалғыз алысып отырғанымда, үнемі мені жақтап, қолдап отыратын едің … Енді сен жоқсың! Жай ғана , бір төмпешік …Жаның жай тапсын , Адал Досым", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.