2026 жылы студент мәртебесі әскерге шақырылмауға толық кепіл болмайды. Кей жағдайда жастар оқу кезінде де әскерге алынуы мүмкін деп жазады Democrat.kz.
Себебі оқуына байланысты берілетін кейінге шегеру (отсрочка) тек белгілі талаптар сақталған жағдайда ғана беріледі.
Кейінге шегеру беріледі, егер:
▪️студент ресми түрде оқу орнына қабылданса
▪️оның мәртебесі құжатпен расталса
▪️оқу туралы мәліметтер әскери комиссариатқа уақытылы жіберілсе
Бұл деректер автоматты түрде беріледі. Алайда жүйеде қателік немесе сәйкессіздік болса, отсрочка жойылуы мүмкін.
Қандай жағдайда кейінге шегеру күшін жояды:
▪️оқудан шығару (тіпті уақытша)
▪️ауыстыру кезінде құжаттағы қателер
▪️анықтамалардың болмауы немесе кешігуі
Жыл сайын 1 қазанға дейін әскери комиссариаттар студент туралы мәліметтерді жаңартады. Егер сәйкессіздік анықталса, азамат әскерге шақырылатындар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, көптеген студент өз мәртебесін тексермей, қателікке жол береді.
Сондықтан деректердің дұрыстығын бақылап, оқу мәртебесін уақытылы тексеру маңызды деп жазады ztb.media.