Танымал коуч Роза Әшірбаева баласын келінінен қызғанатын енелер туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Роза коуч кезекті бір сұхбатында өзінің "мамский форумына" келген хаттардағы сұмдық жағдайлар туралы айтып берді.
"Форумға келген хаттарда "енем күйеуіміз екеуміздің ортамызға жатып алады", "енем тор ішкиім киме, баламның ойын бұзасың, пижама ки деп айтады", "енем бөлмеме кіріп, тор ішкиімдерімді қайшымен қырқып тастады", "жатын бөлменің есігін жаппай жатыңдар дейді" дейтін сұмдық хаттар келеді" дейді Роза Әшірбаева.