Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 қаңтарда жарияланған құжатқа сәйкес, холдингтің директорлар кеңесінің жаңа құрамы 26 желтоқсанда бекітілген.

Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. Оның құрамына бірінші вице-премьер Роман Скляр, экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Тәкиев, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірген.

 

Барлық жаңалықтар