Әнші Ерке Есмахан бүгін Алматыда концерт қойып жатқан Дженнифер Лопестен «ұялып» жүргенін айтып қалжыңдады, деп хабарлайды Democrat.kz Azattyq Rýhy. сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдік жұлдыздың дене бітіміне қызғана қарайтынын жасырмады.
«3 баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығып отырмын. J.Lo да көзді қыздырып әлі жүр. Қайтса екен концерттерін аяқтап. Фигураны ойламай, өзіміз тыныш отырып ет асып жейтін», - деп әзілдеді әнші.
Желі қолданушылары Еркенің бұл қалжыңын жылы қабылдап, оған қолдау білдіріп жатыр.
«ДжейЛо сіздің шаңыңызға ілесе алмас», «J.Lo саған қызықсын, Ерке», «ДжейЛоның фигурасын қайтейін, Еркенің әшекейі супер екен», «Біздің J.Lo өзің боп тұрсың ғой», - деп жазды олар.