Актер әрі кәсіби аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар күтіміне ерекше көңіл бөлетінін жасырмады, деп жазады Democrat.kz.
«Маникюрге барамын. Бірақ бармағаныма бір ай болды, үлгермей жүрмін. Мына терілерім бокстасқан кезде ашылып, ауырады, қанайды. Сондықтан маманға барамын, ол өзі жинақы етіп, бәрін алып береді. Оны көбісі «голубойсың» дейді. Аяғыма да жасатам.
Мысалы, аяғымдыкін алуға мүлде көзім жетпейді. Көру қабілетім нашар. Тырнақ көрмеген соң аяғымның бір жерін қырқып тастармын. Сондықтан арнайы процедураға барамын.
Олар «мазоль» басқан табаныңа дейін тазалап береді. Күніге бокстасқанда, аяғыма «мазольдар» шығып кетеді. Ол аяқта ауыр болып, сезіліп тұрады, сондықтан оны алып тастау керек», – дейді.
Боксшының бұл сөзін тыңдаған желідегі жұрт оны бірден әзілге айалдырып жіберді.
«Айтып, айтып тастаған екен бәрін. Шынайы бәрі, жарайсың!», «Кішкентай кезіңде колготки кидің бе?», «Аяғының тырнағын көрмесе, қалай төбелесіп жүр?, «Еркебұлан Тоқтар, мен сені маникюрға шақырамын» деді қалжыңға сүйеген көпшілік.