Айтыскер Сара Тоқтамысова қоғамдағы келеңсіздікті сөз етіп, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Ажырасу неге көп?
Ажырасу неге оп-оңай болып кетті?
Біздің әкеміз бен анамыздың да ыдыс-аяғы сылдырлайтын кездері болатын. Сол кезде мен «Неге ажыраспайсыздар?» дегенім есімде
Қазір түсінемін: анамның ойына “ажырасу” деген сөз жазылмақ түгіл кірмеген екен. Өйткені ол үшін отбасы – құндылық, шаңырақ – қасиет.
Ал қазір не болып жатыр?
Кейбір Еркек – еркек болуды қойды.
Өзі соқыр тиын таппайды, бірақ жарқыраған әйелінің етегінен тартып, гүлдей болып тұрғанын солғын қылатын ақымақтар аз емес.
Немесе ақша табады. Әйелінің дамуына келгенде кеміп қалады. Ол бір бір топ еркектің ортасында жүргендей елестетіп гүлдей қызды жүндей түтеді.
Кейбір Әйел – әйел болуды ұмытты.
Сәл табыс тапса, «менікі дұрыс» деп тәкәппарланып, тілін безеп, артынан «түк болмағандай» отыратындар жетеді. Күйеуінің намысын таптай салу оңай. Бала-шағамның әкесі-ау демейді. Бірақ ол бала шағасына қатысты адам екенін ұмытып та кеткен.
Отбасында бәрі өз орнын білгенде ғана шаңырақ шайқалмайды.
Еркек – тірек, әйел – жүрек.
Бірі сүйеп, бірі сүйіндіргенде ғана береке болады.
Әр шаңырақта дау да болады, қақтығыс та болады. Бірақ «ажырасу» деген сөзді оңай айта салу – ең үлкен қателік.
Өйткені отбасы – ойнап келген ойыншық емес, ол – аманат.
АЛЛА Әр отбасын тіл - көзден сақтасын !
Сіз қалай ойлайсыз, қазіргі қоғамда ажырасуды жеңілдетіп алған жоқпыз ба?"деп жазды айтыскер.