Журналист Ербол Мәндібектің "Қазақстан жиен бала баққан елге айналды" атты жазбасына қатысты тіл маманы, журналист Назгүл Қожабек пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Әкелердің құқығын, рөлін арттырмай бұл тенденция өзгермейтін сияқты". (Ербол Мәндібек)
Қызық ей, осы жұрт. Әкенің құқығы, рөлі дей береді. Оу, "әкенің міндеті, жауапкершілігі" деген сөзді біреуің айтасың ба, жоқ па?
Балалары нағашыларының қолында жүргеніне беті бүлк етпей, балапандарына сол үйдің тарысын тергізіп қойып әләулай өмір сүріп жүрген әкеге не құқық керек? Неге ол құқығын алға тартқанда, оған біреу желкесінен бір ұрып, "әй, міндетің қайда? жауапкершілігің қайда?" демейді.
Жалпы осы риторикаға басым қатады да жүреді. Бір ұшығына жете алмаймын. Бәрінің ойында әкелер бір құқығынан, рөлінен айырылып қалған сорлы біреулер сияқты. Жоқ, көкелер, олар "міндет пен жауапкершілік" дегеннің не екенін ұмытқан кайфушниктер. ЗАң шығаратын болсаңыздар, олардың құқығы мен рөлін емес, міндеті мен жауапкершілігін шегендеп беріңіздер" деп жазды Назгүл Қожабек.