Соңғы күндері жұрттың жағасын ұстатқан арсыз еркектердің әрекетіне қатысты пікір білдірген спортшы BAILIN үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
"Таксиде өз өзін қандырған еркектер...жас қыздарға мүшесін көрсеткен еркектер... Не болды сендерге? Мына арсыз тірліктеріңе қыздар ренжісе, шағымданса, "өздері ашық, қысқа киім киеді" деп сандырақтайсыңдар.
Жабық киіммен мешітке барған қызды да қорлап, төсектес болуға ұсыныс жасадыңдар ғой?!
Бүкіл проблема жыныстық қатынаста болса, жезөкшелерге барсаңдаршы! Ақшасын төлесеңдер, жезөкшелік қызметтің неше түрін аласыңдар ғой.
Жыныстық қатынас үшін мынадай арсыз тірлікке бармай, жезөкшеге барыңдар. Жезөкшеге беретін ақшаларың болмаса, онда арнайы қор ашайық.
"Еркектердің жезөкшеге баруы үшін" деп ақша жинап берейік. Кінәсіз әйелдерді нәпсісін тізгіндей алмайтын еркектерден осылай құтқарамыз ба, не істейміз? Қалай ойлайсыздар?" деді спортшы.