Әлеуметтік желіде әдет пен ғұрыпты бір кісідей білетіндерге өте тұрпайы көрінген бір видео тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода қазақ жігіті құйқылжытып, сұңқылдата отырып, марқұм әкесін жоқтап, өлеңдетіп, қайғысын жеткізеді.
Жоқтаудың ішінде өрілген сөздердің өзара ұйқасында мін жоқ. Алайда...
Алайда видеоны көрген қазақтар қатты таңғалды. "Қазақта еркек жоқтау айтушы ма еді?", "жоқтаудан кейін шапалақ ұру қазақта бар ма еді?", міне, осы екі сұрақтың жауабын жұрт таба алмай, қызу пікірталас басталды.
Сіз қалай ойлайсыз, қазақта мынадай дәстүр, ғұрып бар ма?