Белгілі әнші Еркін Нұржан жұртқа ілесіп, трендке айналған биді билеймін деп күлкіге қалды деп жазады Democrat.kz.
Әнші, биші Әйгерім Қалаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Еркін Нұржанмен болған оқиғаның видеосын бөлісті.
Видеода Еркін былтырғы Әйгерімнің трендке айналған биін қайталап билемек болған әрекетін байқауға болады.
"Билей алмайсың" деген досына ерегісіп, ортаға шыққан Еркін Нұржан "ошшш...тақтай емеспін" дейтін жері де бар.
Би барысында Әйгерімнің артында оның қимылын қайталап тұрған Еркінге досы: "Сенің көзің басқа жақта ғой, дұрыстап қозғалсаңшы" дейді.
Досының сөзіне намыстанып кеткен Еркін тағы да "ошшш..."деп барынша келістіріп билеуг күш салады.
Еркін Нұржанның бұл видосына жұрт "тақтай ғой", "көзі басқа жақта", "ошшш...деді ме", "Еркіннен мұндайды күтпедік" деген сияқты пікірлер жазуда.