Ермұхамед Мәулен үстелді тоқпақтап, жанкүйерлерге ескерту жасады

Ермұхамед Мәулен үстелді тоқпақтап, жанкүйерлерге  ескерту жасады

Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қазақстандық жанкүйерлерге қатаң ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"Біздегі жанкүйерлерде ұят жоқ. Стадионның жартысы "Реал Мадрид" деп отыр. 

Бүгін түндегі матчта Мбаппе гол соқса, біздікілер масқара болып "гол" деп қуанып, шулай ма деп қорқып отырмын. 

Өз жерімізде отырып, өз "Қайратымыз" Алматыда тарихи матч өткізіп жатқанда, кімде кім "Реалдың"  ойынына жанкүйер болып, Мбаппенің голын әспеттеп, сторис салатын болса, сол адамның үстінен шағым жасаймын. 

Стадионға "Реалдың" киімін киіп келмеңдер, ұят болады. Бәріміз "Қайраттың" киімін киіп, "Қайратқа" жанкүйер болайық" деді Ермұхамед Мәулен. 

Барлық жаңалықтар