"Ерқанат, сендер арамтамақсыңдар!" деген қоғам белсендісі шындықты тіліп тұрып айтты

"Ерқанат, сендер арамтамақсыңдар!" деген қоғам белсендісі шындықты тіліп тұрып айтты
Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде ақын Танакөз Толқынқызының қазіргі қоғам туралы жазған жазбасы қызу талқыға түсуде. Осы пікірталасқа қоғам белсендісі Абзал Достияр да пікірін білдіріп, "Танакөздің бүкіл  айтқандарын қолдайтынын", ал қарсы пікір жазған журналист Ерқанат Көпжасарұлына арнап, азаматтық сөзін арнады деп жазады Democrat.kz.
 
 
Көп ұзамай, ақынның бұл жазбасына журналист Ерқанат Көпжассарұлы қарсы пікірін білдіріп, "бүкіл халық үшін бұлай дейтін, сіз кімсіз?" деген үндеу жасаған болатын. 
 
Журналистің үндуіне қоғам белсендісі Абзал Достияр: "Көпжасарұлы сияқтылардың өттері айырылып кетсе де Танакөздікі шындық!
 
Қазақтың талантты ақын қызы Танакөз Толқынқызы бүгінгі қазақтың күйін айтып жазба жариялаған еді, артынша сол жазбаға талағы тарс айрылған жалған “намысқой” иттер шәуілдеп үре жөнеліпті.
Солардың ішінде Ерқанат Көпжасарұлы деген жауырды жаба тоқып сөйлейтін, ұлттық арнаның төрінде отырған журналистсымақтың пікіріне қатысты үнсіз қала алмадым.
 
Әй Ерқанат!
Сен неменеге телефоныңды қабырғаға ұрып, кіжініп, отырсың!
 
 
Танакөз дөп басып айтты, ал сен сол ұры қазақтың бірісің, өзіңмен кетпей, тұтас ұлттың бірін қалдырмай өлтіруге үлес қосып жатқан көптеген зиянкестің бірісің!Танакөз айтса жаны ашып айтты, ашынып айтты, күйініп айтты, расын айтты!Ал сен не істедің?Не істедің сен қазаққа!Айтшы бір ісіңді?!Қай жерде азаматтық танытып үн қаттың?!Қай жерде мінез көрсеттің?!Арысын айтпағанда берідегі Жаңаөзен қанға боялғанда араша түсіп ауыз аша алдың ба?!
 
 
2016-шы жылы “Жер митингісі” кезінде үн қосып қолдай алдың ба?
 
2019-шы жылы ел жаппай толқығанда сыбайластарың Ринатты абақтыдан күтіп алуға барғаныңды ерлік деп санайсың ба?!
 
Сол ойыншы Заиытов, Толықбай бәрің тайып тұрған соң сол жерге қолдап барған қазақтың жүздеген жігіті полиция сойылының астында қалғанда үн қата алдың ба?!
 
2022-ші жылы “Қаңтар көтерілісі” кезінде қазақтың ұрпақ көбейтер, ел қорғар азаматтары оққа ұшып жатқанда қайда болдың?
Одан соң тірі қалғандары азапталып, арқаларына үтік басылып, ыстық суға күйіп жатқанда қайда болдың?!
Ал одан кейін ше?
Сол өрімдей жастар оққа ұшып қаза тапқан соң, солардың аңырап қалған жесірлері шындық іздеп әкімдіктің есігін жағалап жүргенде не істедің?!
Соларға ақпараттық көмек бердің бе?!
 
Әкесіз дүниеге келген сәбилері мемлекетке өшпенділікпен қарамасын, отбасына өтемақы беріп, қамқорлық толық көрсетілсін деп айта алдың ба?!
 
Ал дәл қазір не істеп жүрсің?
“Қаңтардан” кейін “31-ші арнадан” “Қазақстан” ұлттық арнасына, Мақсат Толықбай досыңның орнына бардың, ал сол “Ашық Алаң” шын мәнінде ашық алаң ба?
Осы елдегі әрбір адам сол бағдарламаға барып пікірталасқа қатыса ала ма?
Жоқ!
 
Жақындай алмайды!
Маңдарыңа жолатпайсыңдар!
 
Өңшең өтірік сөйлеп, өтірік күлетіндерді алдын-ала дайындап алып өтірік қойылым қоясыңдар!
 
Алдымен 2019-шы жылы(суретте),одан соң
2022-ші жылғы президенттік , 2023-ші жылғы Парламенттік сайлауларда(суретте)жалған бақылаушылар ұйымын құрып көзбояушылықпен айналыстың, лас әрі жиіркенішті істің басы-қасында жүрдің, ұлтқа, елге иттік істедің!
Халықтың дауысын ұрлауға атсалыстың, ұрланбағандай қылып көрсету үшін өтірік куәлік бердің! Өстіп жүріп Танакөзге кіжінесіңдер ә?!
 
Танакөз кім? Сен кімсің? Танакөздің шығармашылық жағынан топжарқын тұлға екенін былай қойғанда ол бүгін ғана емес, кешеден бері елдің сөзін сөйлеп жүрген ақын, қоғамдағы жағдайға бей-жай қарай алмайтын Адам!
 
2023-ші жылдың қаңтарында менің төрт жасар бүлдіршін қызымды балабақшаға барып қатарларымен ойнайтын бір күнін ұрлап, полиция басқармасына апарып қамап, бала көңіліне ауыр соққы жасалғанда көптеген өнер адамдары үн қатты, алаңдаушылық білдірді, тіпті кейбір биліктің журналистерінің өздері шыдай алмай үн қатты, “мынау сұмдық қой” деп шошынды, өйткені бейкүнә сәбидің жағдайы жандарына батты.
 
Сол кезде үн қатқандардың бірі осы Танакөз еді.
Ал сен сол кезде қайда болдың?!
 
Сен де мен сияқты көпбалалы әкесің, бірақ сен сол сәтте естіп-біліп отырып көтіңді қысып отырдың!
Өйткені сен бейшарасың!
 
Артынша, сол 2023-ші жылдың көктемінде Астанаға әділдік іздеп барған Жаңаөзендіктерді сенің әріптестерің, ботоферма қаралап жатқанда осы Танакөз сол мұнайшылардың сөзін сөйледі.
Сол кезде неге араша түспедің?
Неге сол кезде телефоныңды қабырғаға ұрмадың?
Өйткені сенде мінез жоқ!
 
Танакөз саяси тұтқындардың бостандығын сұрап жазба жариялады, ашық айтты.
 
Қазақтың қайсар қызы Әйгерім төрт жылға сотталғанда Танакөз күңіреніп өлең жазды, көкірегі қарс айрылды, қоғаммен бірге болды.
 
Ал Ерқанат сен қайда болдың сол кезде?
Сен әдеттегідей тағы да аузын буған өгіздей болып үнсіз қалдың, өйткені сен қорқақсың!
Танакөз ертең Әйгерім бостандыққа шыққан соң бетіне тура қарай алады, ал сен сияқты ездер не істейді сол кезде?
 
Ерқанат сен досың Мақсат Толықбай, ағаң Әміржан Қосанов үшеуің бірдейсіңдер!
Үшеуің де бір материалдан жасалғансыңдар, үшеулеріңнің де терілерің бірдей, арсызсыңдар, көңбетсіңдер!
 
Тірсектерің бос, табандарың тайғанақ!
Сендер сол Танакөз айтқан қазақты өлтірушісіңдер!
Әміржан Жазушылар Одағында, Мақсат Мәжілісте, сен телеарнада, үшеуің де ұлттың обалына қалып жатқан опасызсыңдар!
 
Жалғыз сендер ғана емес, қазір Танакөзді таламақ болып жаппай пост жазып жатқан ботоферманың өкілдері бәрің сүмелексіңдер, бейшарасыңдар, мүсәпірсіңдер!
 
Өйткені сендер арамтамақсыңдар!
Қожайындарыңның алған арам асты ақтау үшін беттің арын белбеуге түйіп қойып барлық лас істерге баратын сұмырайсыңдар!
 
Сендер халыққа жағымпазданып осындай сәтте ұпай жинауды көздейтін, өтірік халықшыл бола қалатын екіжүздісіңдер!
 
Танакөздің қай сөзі өтірік?
Қазақтың жағымпаз, сатқын, екіжүзді, қорқақ екені өтірік пе?
Дарақы, мақтаншақ, ақша үшін бәрін сата салатыны өтірік пе?
Бейғам, тасбауыр, ұры екені өтірік пе?
Танакөздің әр сөзін, үтір нүктесіне дейін қолдаймын!"деп жазба жариялады. 
 
Барлық жаңалықтар