Бірнеше айдан бері құқық қорғаушылардан көмек сұрап жүрген шымкенттік қыз Раяна салафиттердің біздегі басшысына үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Кезінде салафит еркектің некелі жары болған Раяна (әлеуметтік желіде осындай атпен тіркелген) кейін күйеуімен ажырасқан.
Әйтсе де, күні бүгінге дейін өзін ешбір салафит еркек айттырмай жатқанын, күйеуге тие алмай жүргенін айтқан Раяна салафиттердің басында тұрған Октам деген кісіге арнап видео жариялады.
Видеосында Октам ұстаз бен оның әйелі Әйгерімнен көмек сұрағанын айтқан Раяна: "Жамағатыңызға басу айтыңыз. Болмаса, мен сіздерге атакаға шығамын!
Мәселені шариғатпен шешейік, Октам ағаның, Болат ағаның алдына барайық десем, бармай отыр.
Бұлар "по жахильский" заңмен шешіп отыр да. Сіздің жан досыңыз Сәкен ағадан да нөміріңізді сұрадым, бермеді.
Бүкіл салафиттерге мені жезөкше, зинақор деп тастаған. Бір салафит маған үйленгісі келмейді.
Матуридке күйеуге шығайын десем, "бидғатшы" дейді. Бидғат иелерімен жүргенше, жахилдермен жүріңдер дейсіздер.
Сонда мені салафилер алмаса, сонда мен кімге тиемін. Мен не істеймін?" Деп еңіреп жылады.