«Ешкім жоқ жерде қарбытып асап жібердім» деген айтыскер жұртқа сұрау салды

«Ешкім жоқ жерде қарбытып асап жібердім» деген айтыскер жұртқа сұрау салды


«Өткенде бір дастарханда отырып, ең жеңіл деген салаттың(қызанақ пен қияр) екі түйірін түйреп, ауызға қарай апара жатқаным сол еді, қасымда отырған үлкендеу бір кісі:
-қияр мен қызанақты ешқашан бірге жеуге болмайды. Неге екенін түсіндіруге уақыт тарлау, бірақ жалпы ескертіп жатқаным,- деді. Сенгіш, ергіш халықпыз ғой.

Ана екеуі сол жерде шанышқыға шаншылған күйі ауызға жетпей, ауадан кері қайтты. Содан бері қай дастарханға отырсам да, “свежый салатқа” сәл басқаша қарайтын болдым. “Жыланның ұнатпайтын шөбі інінің аузына бітеді” дегендей, тіпті соңғы кезде алдымнан содан басқа салат көп кездеспейтін де болды) Бір-екі рет ешкім жоқ жерде екеуінің басын қосып қарбытып жібердім.

Бірақ бәрібір алма жеп қойған Адам ата құсап, біртүрлі қысылып жүреді екенсің) Енді ойлаймын, қазір бір кафе ашылса сонымен аттас жаңа салаттар пайда болады . Соны ойлап табатын адамдар ауыздың дәмін алуға көп мән бере ме екен, әлде денсаулыққа барынша пайдалы жағын есептей ме екен?! Көбінің құрамы шым-шытырық қой )

 Ежелден арасына тұздан басқа ештеңе араласып көрмеген қияр мен қызанақты бірге жеуге болмайтын болса, басқа салаттардың жағдайы не болады екен) Диеотологтар не дейді екен?! Әңгімемнің қияр мен қызанақтың құрамы сияқты суы көп екенін біліп отырмын, бірақ ұмытпай тұрғанда сұрап алайын дегенім ғой, сөге жамандамассыздар)»

Барлық жаңалықтар