"Ештеңе бүлдірген жоқпын" деген Қайрат Әділгерейдің әйелі ағынан жарылды

"Ештеңе бүлдірген жоқпын" деген Қайрат Әділгерейдің әйелі ағынан жарылды

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары әрі әнші Бақыт Тұрман “Kezdesu” бағдарламасына берген сұхбатында продюсер Мөлдір Мұқановамен қарым-қатынасы жайлы айтты деп жазады Democrat.kz. сайты  Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Ол біздің қоғамда өз ойыңды білдіруге әлі де рұқсат жоғын түсінгенін айтты.

“Мен ол фильмді алғашқылардың бірі болып тамашаладым. Келіп өз ойымды айттым, сол ретте халыққа түсініксіздеу болып қалды. Мен әрдайым фильмнің көрсетілімен шыға сала фильм туралы ойымды айтамын. Оны білетіндер бар, ал білмейтіндерге бұл қылығым ерсі көрініп, “Неге бұлай істедіңіз?” дегендей сұрады”, – деді ол.

Әнші тек жеке пікірін білдіргенін, бұл фильмнің табысына әсер етпегенін алға тартты.

“Негізі жаман-жақсы деп емес, ұнады-ұнамады деп айтуға болады. Неге ұнамағанын нақты фактілермен дәлелдейсіз. Бұл фильмнен хабарың бар екенін білдіреді, ал “керемет екен” деу жалпылама сөз. Кейде өтірік болуы да мүмкін. Мен өзіме ұнамаған дүниені айттым, менің сөзімнен фильм тоқтап қалған жоқ, халық бармай қалған жоқ. Өйткені халық өзі біледі, өзі шешеді. Бұл тек пікір”, – деді ол.

Бақыт Тұрман фильмге баға бергеннен кейін Мөлдір Мұқанмен жеке сөйлескен.

“Мен ештеңені бүлдірген жоқпын, тек фильм туралы ойымды айттым. Әр сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мені қорғаудың қажеті жоқ. Сын айтылғаннан кейін ертесіне Мөлдір ханым маған жеке жазды. Мен көтерген әр мәселеге жауап берді. Костюмер жұмысына қатысты айтқаныммен келісті. Ал дыбыстауға қатысты пікіріме: “Біз дубляж жасамағанбыз” деді. Яғни ол кісі айтылған сынның орынды екенін қабылдады. Осы жерде тақырып жабылған еді. Бірақ көпшілік оны қайтадан қоздырып жіберді”, – деді ол.

Барлық жаңалықтар