Филиппиндік күйеуімен мақтанған қазақ қызы қарғыстың астында қалды

Филиппиндік күйеуімен мақтанған қазақ қызы қарғыстың астында қалды

Филиппиндік жігітке тұмысқа шыққан қазақ қызы Шолпан отбасылық өмірі туралы жариялап, жұрттан сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.

"Филиппиндерде үйленем деп қол ұстасқандарды ажыратуға, үйлендірмеуге тырысады. Прям барынша. Сосын да бұл жақта ажырасу деген мүлдем жоқ. Аборт деген атымен жоқ. Бірақ…

Ол бірақты сосын айтармын иә.

Қазір Филиппиндердің салтымен, заңымен танысып шығыңыз.

Айтпақшы, ұмытып кетіппін. Хуанға тұрмысқа шығу үшін ҚЗ-нан менің басым бос, тұрмыста емес деген қағаз алдырғанмын"деген Шолпан филиппиндіктердің дәстүрге берік екенін айтты. 

Әйтсе де, Шолпанның шетелдік күйеуімен өмірі жерлестерінің ашуына тиіп, ренішін оятты. 

"Неменеге жарнамалап отырсың?", "шетелдікке тигендерді азаматтықтан айыру керек", "осындайлар пәле болды, басқа қыздарды азғырады" деген сыңайда пікір жазуда. Тіпті  кей азаматтар Шолпанға қарғыстарын да жаудырып жатыр. 

Барлық жаңалықтар