2025 жылы алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында мадридтік “Реал” командасын қабылдаған еді. Айтулы ойында “Қайрат” клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза “Реалға” қарсы қақпаны қорғады деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап.
Ол ойын барысында қақпаға 5 гол өткізгеніне қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.
Осы сәтті еске алған Шерхан Қалмұрзаның анасы оқырмандардың сауалына жауап беріп, баласының ойыны үшін қатты қобалжығанын айтты.
“Ол сәттегі сезімді маған айтып түсіндіру қиын. Аяқ-қолым істемей қалды”, – деді Шерханның анасы Сауле Рабаева.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза 2025 жылы қазақ жанкүйерлеріне есімімен жақсы танылды. Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін ол Чемпиондар лигасында “Спортингке” қарсы матчта негізгі қақпашы ретінде алаңға шықты.