Өнер иесі ән арқылы қоғамды тезге салуға тырысатын сыңайлы, деп жазады Democrat.kz.
Жуырда ғана келіншегімен бірге жұртты ажыраспауға шақыратын тренд бастаған өнер иесі енді мәні тереңде жатқан «Мәміле» атты ән шығарды. «Бұл – жұптарды татуластыратын ән» деді әншінің өзі.
«Түсінген адамға мағынасы терең ән. Адамдықтың, ізгіліктің жолында өнеріңізді сарп еткен еңбегіңіз елене берсін, Гәдөш!», «Соңғы кезде Ғаділбек мырзаға риза болып жүрмін. Қазіргі қоғамның әлсіз жері ғой бұл. Жауапкершілік бәсеңдеу болып тұрған заманда бәлкім, бір-екі адамға болса да осылай әнмен ой салар», «Түсініп тыңдаған адамға мағынасы жүрекке жетерлік екен», – деді желідегі тыңдарман.
(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)