Ғаділбек Жанай тамаша тренд бастады

Ғаділбек Жанай тамаша тренд бастады

Әнші замандастарын жақсылыққа үндеді, деп жазады Democrat.kz.

Ән сахнасында өзіндік орыны қалыптасқан Ғаділбек көптен жасырған келіншегін көрсетіп, бейнежазба жасады. Одан «Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел, саған күйеу табылар. Ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды деген» жолдарды естуге болады. Әсем әуеннің ырғағындағы  осы шағын жолдар  арқылы ол көпшілікті ажыраспауға шақырды. 

Бұған сүйсінген көпшілік «Ханшайымыңызбен мәңгі бірге болыңыз. Шаңырағыңыз бен шаттығыңыздың иесі ғой», «Дұрыс, өз әксіндей ешкім бола алмайды. Бақытты болыңыз!» деп тренд бастаған әншіге тілеулестік танытты.

(Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар