Израильдік раввин Ронен Шаулов Газа тұрғындарын аштықпен қыру керек деп мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
"TRT на русском" арнасының ТикТок парақшасында тараған орыс тіліндегі видеода раввин Ронен Шаулов:
"Тұтас Газа аймағы мен Газадағы барлық бала аштықтан өлуі керек. Газадағы кепілге алынған адамдарға жасап жатқан озбырлықтары үшін Газа халқы түгел өлуі керек.
Менің газалық балаларға еш жаным ашымайды. Себебі ол балалар ертең өскенде Израильді жек көретін адам болып өседі.
Қазіргі кішкентай деген газалық бала, болашақ террорист болады, оларды аяудың керегі жоқ" дегені аудармамен берілді.