Германияға кеткен қазақстандық дәрігер қазіргі керемет жағдайын айтты

Германияға кеткен қазақстандық дәрігер қазіргі керемет жағдайын айтты

Камилла есімді әлеуметтік желі қолданушы парақшасында Германияға кетіп, үш жылда жағдайын жасап алғанын айтып жазба жариялағаны сол екен, қазақстандық дәрігерлер елеңдеп, сұрақтың астына алуды бастады деп жазады Democrat.kz.

"Германия маған не берді. 3 пәтер 3 жылда. Дәл солай жасаймын деген медиктер , менің ақылымды тыңдаңдар. Неміс тілін оқып бастаңдар, осында уақытша көшіп, тәжірибе жинаңдар", деп жазды Камилла. 

Желі қолданушы дәрігер Камилланың бұл жазбасына "қалай кетуге болады?"деген сауалмен көптеген дәрігер толассыз жазуда. 

Соңғы жылдары медицина саласы мамандарының жүктемесі күрт артқанымен, жалақылары мардымсыз қалғаны мәлім. 

Адамдардың өмірін сақтап қалу, денсаулығын емдеу жолында тынбай еңбек етуші дәрігерлердің Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы көңіл көншітерліктей деңгейде емес. 

Содан да болса керек, соңғы уақытта жалақысы жақсы елдерге кетуге дайындалып жатқан медицина мамандары күн санап артуда. 

 

 

Барлық жаңалықтар