Гога Ашкеназиге қатысты сұмдық ақпарат тарады

Гога Ашкеназиге қатысты сұмдық ақпарат тарады

Жақында құқық қорғау органдары бұрынғы ханзада Эндрюден қаржыгер Джеффри Эпштейнге құпия құжаттарды беру ісіне байланысты жауап алған.
Эпштейн ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Гога Ашкеназидің есімі хат алмасулардың бірінде аталады деп жазады Democrat.kz.

«Миланда өткен өнер кеші өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кездейсоқ Fendi компаниясының бұрынғы директорын кездестірдім, ол қазір Гога Ашкеназимен бірге кешкі ас ішіп отыр екен», – делінген 2014 жылдың қазан айындағы хаттардың бірінде.

Құжаттарда ол туралы қысқаша мәлімет те берілген. Онда Ашкенази қазақстандық мұнай саласындағы ауқатты кәсіпкер, зайырлы ортада танымал тұлға, сондай-ақ ханзада Эндрюдің жақын танысы ретінде сипатталады.

Оксфорд университетінде білім алған. 2001 жылы Эндрюмен танысып, содан бері араласып келеді. Бірнеше рет оның қонағы болғаны, соның ішінде Аскоттағы ат жарыстарына да қатысқаны айтылған деп жазады  Nege.kz. өзінің әлеуметтік парақшасында. 

Барлық жаңалықтар