Қазақстан спортының жарық жұлдызы Геннадий Головкин Астанада өтіп жатқан Бокстан әлем кубогында өз жерлестеріне қолдау көрсетуге келді.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Головкиннің боксшылармен сәлемдесіп, қошемет көрсеткенін көруге болады. Әсіресе Назым Қызайбайға ерекше қолдау білдіріп, құшағына басқан.
Желі қолданушылары чемпионның қарапайымдылығына тәнті болып жатыр.
«Қандай қарапайым адам», «Тірі аңыз», «Біздің мақтанышымыз», «Қазақ елін әлемге таңытқан даңқты спортшы», - деп жазды олар.
Пікір қалдырғандардың арасында аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамит те бар.
«Назарбаев Головкин мен Қазақстанды әлемге танытты! Жаңа Қазақстан да Жәнібек Әлімханұлын дәл солай қолдау керек!», - деп атап өтті ол.