Түріктің танымал актері Бурак Өзчевитті қонақ етіп күткен ақтаулықтардың әрекеті жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
Ақтауға қонақ болып келген түрік актері Бурак Өзчевитті қаладағы таңдаул мейрамханада сыйлап күткен кісілердің бұл іс шараны ұйымдастыруда жіберген олқылықтары жұрттың назарын аударды.
Тойханада үстелге жайғасқан қонақтардың алдына түрікше ән шырқап шыққан қыздың киімінен бастап, дауысына дейін жұрттың талқысына түсті.
"Гүлді дамбал киіп алып, ұят емес пе", "даусы да жоқ", "масқара, мен ұялып отырмын", "ыңғайсыз ғой мынау" дегенге саяын пікір жазуда жұрт.