Қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдететін кезекті ноу-хоуының тұсаукесерін жасаған күні Каспи банкке қарсы атышулы журналист Гүльнара Бажкенова бір адамдық митинг өткізді.
Ол өзінің «Орда» деп аталатын сайтын «тартып алуға» Каспи банктің қатысы бардай ойбайлап жатыр. Сайттың екі құрылтайшысы арасындағы дауға «Каспи банктің» қандай қатысы бар?! Түсініксіз...
Мұндағы шынайы гәпті Бажкенова ешқашан ашып айтқан емес. Бұл жолы да ол жалаң айқайға басып, Каспи банкке жөнсіз шаптықты...
Менің ойымша, Бажкенова кезекті геосаяси тапсырысты орындап бастады. Ол бір-екі ай бұрын Мұрат Нұртілеуді (бизнесмен Гаджи Гаджиев екеуін) журналист Айдос Садықовтың өліміне тапсырыс беруші ретінде жалған ақпарат таратып Сыртқы істер министрі креслосынан құлатып еді.
Әрине, енді қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп отырған (бұл банк арқылы кедейлер тіпті азық-түлікті қарызға алады) Каспи банкке қарсы шаптықты.
Каспи банкті Қазақстанның қаржы нарығынан қуып жібермекші... Бұл екі саяси тапсырыстан да Ресей мүддесінің сасық иісі мүңкиді. Әрине, Г.Бажкеноваға «сен неге Ресей мүддесін күйттеп жүрсің, елде саяси-экономикалық тұрақсыздық тудырдың» деп бетіне басып айта алатын билікте те адам жоқ-ау, сірә.
Дегенмен, М.Нұртілеу мен Г.Гаджиев «неге біз туралы жалған ақпарат тараттың» деп Г.Бажкенованы сотқа бермейді?!.
Әлде олардың арызын қабылдап алатын сот жоқ па «Әділетті Қазақстанда»?! Ал мен Бажкенованың тайраңдап жүргеніне таңғалып отырмын. Мүмкін, Kaspi.kz Каспи банк осы жолы Бажкенованың «екі аяғын бір етікке тығатын» шығар...
Г.Бажкенова емес, оның орынында басқа бір журналист болғанда митингіге шыққаны үшін қамап тастар еді, ал жалған ақпарат таратып, біреуге жала жапқаны үшін соттап жіберетін еді.
Өткен парламент сайлау кезінде бір журналист-кандидат жөнінде «ол сәләфизмді насихаттаған сайтта жұмыс істеді» деген сөзім үшін мені билік сотқа сүйреп, айыппұл салып еді. Ал билік Бажкеновға келгенде дым істей алмай отыр... Мұнда қандай гәп бар?