Гүлнара Бажкенова туралы жұрт білмейтінсұмдықтар жарыққа шықты

Гүлнара Бажкенова туралы жұрт білмейтінсұмдықтар жарыққа шықты
Журналист Гульнара Бажкенованың «Changanы» және үш пәтері арестке қойылды деп жазады Democrat.kz. журналист Ораз Әлімбековтің жазбасына сілтеме жасап. 
 
«Орда.кз» сайты салықтан жалтарған ба?
«Орда.кз» сайтының директоры Гульнара (Гульшат) Бажкенова (сайттағы үлесі 30%) арестке қойылғанына қарамастан меншігіндегі «Changan X5 Plus» машинасын мініп жүріпті. Оны өткен аптада жол полициясы тоқтатып, көлікті айып алаңына апарып қойған.
 
Журналист Г.Бажкенованың «Changanнан» басқа Алматыдағы қымбат үш пәтері арестке қойылыпты. «Орда.кз» сайтының акционері (үлесі 70%) Максат Ганиев өзінің телеграм арнасында журналист Г.Бажкенованың екі пәтері жөніндегі мәліметті жариялады.
 
Пәтерлердің бірі «Estet» тұрғын үй кешенінде. Бұл пәтерді Г.Бажкенова 2025 жылдың қазан айында сатып алыпты. «Estetтегі» пәтердің әр шаршы метрі 1 147 000 теңгеден басталады. Ауданы ең аз пәтер 69,4 кв.м. «Estetтегі» мұндай пәтердің нарықтағы құны 80-90 млн тенге.
 
2025 жылдың қыркүйек айында Бажкенова элиталық «AL’FARABI 27» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алыпты. Мұндағы әр кв.м. 1 млн теңгеден басталады. "Крыша" сайтындағы жарнамада 57 кв.метрлік екі бөлмелі пәтерге 83 500 000 теңге сұрап тұр.
 
Бизнесмен Мақсат Ганиев журналист Г.Бажкенованың арестке қойылған үшінші пәтері қай жерде екенін жазбады. Журналист Г.Бажкенованың Назарбаев даңғылы бойында да екі бөлмелі пәтері бар екен, дегенмен бұл пәтер «Орда.кз» жобасына дейін сатылып алынғандықтан, арестке қойылмаған сияқты.
 
Гульшат Бажкенованың дүние-мүлкі «Орда.кз» сайтында 70% үлесі бар Максат Ганиевтің арызы бойынша арестке қойылған. Оған журналист Г.Бажкенова 2022 жылы үш жыл ішінде 93 млн 350 мың теңге қарызды қайтарам деп нотариус арқылы уәде берген, бірақ 1 тиын да қайтармаған.
 
Бұдан басқа М.Ганиев «Орда.кз» медиасының жарғылық қорын күшейту үшін 2023 жылы 65 млн 345 мың теңге қосқан (құжат бар). Сондықтан болса керек, «Орда.кз» медиасының директоры Г.Бажкенованың 3 үйі мен «Changanы» арестке қойылыпты.
 
Журналист Г.Бажкенованың мынау дүниеқоңыз қылығынан кейін ешқандай бизнесмен Қазақстан баспөсөзін дамытуға ақша салмайды ғой...
 
Бизнесмен М.Ганиев пен журналист Г.Бажкенова дүниеге таласып жатқан тұста «Орда.кз» сайтының қызметкері Samat Rakhimov Фейсбукте құпия есеп-қисапты жариялады (суретте).
 
Құпия есеп-қисапта Г.Бажкенованың айлық жалақысы 3 млн теңге деп көрсетілген. Оның сорақы қылығы сол – әлгі 3 млн теңгенің 1 млн 800 мыңын ғана бухгалтериядан өткізген, ал 1 млн 200 мыңынан салық төлемеген.
 
Орыстілді шеф-редакторына ай сайын 800 мың, редакторларына 500-600 мың төлепті. Олар да жалақысының көп бөлігін «қара налмен» алып, салықтан жалтарған.
 
Есесіне, орысқол директор Г.Бажкенова қазақтілді журналистерге 50-100 мың теңге аралығында жалақы беріп, гонорардың соңынан «қуғызып» қойған (скрин комментте).
 
Қазақтілді журналистер сайтта жұмыс істеп ақша алғанымен, олардың табысының бір тиыны да бухгалтерия арқылы рәсімделмеген, яғни директор қызметкерлерін салықтан жалтаруға – заң бұзушылыққа әдейі итермелеген...
 
Медиа саласындағы осындай лас әрекеттен, жаппай заң бұзушылықтан кейін Г.Бажкенова секілді заңды аяқтасты ететін журналистке қандай бизнесмен шаруаны сеніп тапсырады?!. Журналсит Г.Бажкенова «Бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» керін қылды ғой, түге...
Эх, құйрығын ұстатпайтын қу дүние-ай"деп жазды Ораз Әлімбеков. 
Барлық жаңалықтар