Гүлнара Бажкенова туралы тағы бір сұмдық дерек тарады

Гүлнара Бажкенова туралы тағы бір сұмдық дерек тарады
Қазақта «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген жақсы сөз бар. Бұл тәмсіл бүгінде Бажкеноваға қарата айтылған секілді. Өйткені ол аңдамай сөйлеп, ақыл естегі ауытқуымен редакцияны «өлтіруге» таяған секілді.
 
Орда.кз редакциясы 2020 жылы саяси жаңалықтар мен түрлі тақырыптағы сараптамалық материалдарды ұсынатын сайт ретінде ашылған еді. Бастапқыда компанияның 51 пайызы Бажкенованың, қалған бөлігі құрбысының иелігінде болды.
 
Кейін белгісіз себеппен құрбысы екеуі келісе отырып редакцияның 70 пайыз үлесін Мақсат Ғаниев есімді кәсіпкерге аударып берген.
 
Ғаниевтің айтуынша, ол бастапқыда Бажкеновамен журналист әрі медиа-менеджер ретінде танысып, «жобаны қаржыландырамын, бірақ редакциялық саясатқа араласпаймын» деген келісімге келген.
 
Алайда жыл сайын қаржы құйғанымен, пайда емес, тек шығын мен қиындық көрген. «Биыл көктемде туындаған жанжалдан кейін мәселені бейбіт жолмен шешуге тырыстым. Сол кезде жағдайды ушықтырмайын дедім.
 
Бірақ қазір сотқа жүгінуден басқа амал қалмады», – дейді кәсіпкер.
Соңғы бес жыл ішінде Орда редакциясы қоғамда үлкен дау туғызған бірнеше фейк жариялады. Мысалы, 2020 жылы – «Тоқаев президенттіктен бас тартпақшы», 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде – «Ақордада екі тарап оққағарлары өзара пышақтасты», 2023 жылы – «Билік «Орданы» тартып алмақшы» деп шулатты, биыл көктемде – «Сара Назарбаева қайтыс болды» деген жалған ақпарат таратып қоғамда резонанстар тудырған еді.
 
Соңғысы жақында ғана «Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және бірқатар ҰҚК шенеуніктері қамауға алынды» деген тағы бір фейк жарияланды.
 
Бұл ақпаратты Ақпарат министрлігі де, Сыртқы істер министрлігі де, ҰҚК де жоққа шығарды.
Осы ірі фейктердің себебін Ғаниев Бажкенованың ақыл-есінің ауытқушылығымен байланыстырады.
 
«Алғашында оған сенгім келмеген, бірақ жағдай шынымен ушыққан сияқты. Оған психиатрдың көмегі қажет. Қалай болғанда да, әрекеті қоғам үшін қауіпті деп санаймын. Ақыл-есі дұрыс адам мұндайға барады деп ойламаймын.
 
Ол редакцияның ресурсын жеке мүддесіне пайдаланып отыр», – дейді кәсіпкер.
Рас, Бажкенованың әрекеттері редакцияны тығырыққа тіреп отыр. Ғаниев айтқандай, оның ақыл-есіндегі ауытқушылық Орда редакциясын құлдырауға әкелді.
 
Басшылықтағы жауапсыздық пен ойланбай жасалған қадамдар бұл медиажобаны сенімсіз, даулы және қоғам үшін қауіпті ақпарат көзіне айналдырды. Бажкенованың жеке амбициясы мен пиғылы редакцияның дамуына емес, керісінше үлкен проблема туғызды.
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. 
Барлық жаңалықтар