Гүлнұр Мамасарипова Баян Мақсатқызы туралы шындықты айтты

Гүлнұр Мамасарипова Баян Мақсатқызы туралы шындықты айтты

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова продюсер Баян Мақсатқызымен достығы туралы айтты, деп хабарлайды Democrat.kz

 

Ол екеуінің арасындағы достықты сақтап қала алмағанына өкінішін білдірді.

 

"Бір ғана нәрсе бар өкінетін. Достықты сақтап қала алмадық. Қалғанының бәрі жай дүние, қалпына келеді. Маған да жұмыс табылды, ары қарай сериалдарымды түсіріп кеттім. Сондай бір нәзік нәрсені сындырып алдық. Сол ғана өкінетін нәрсе. Өмірде мұндай жағдай болып тұратын шығар. Ренжісіп қалсаң да, кей адамдармен бір жерде көрісіп қаласың. Қал-жағдай сұрасып, әңгімелесіп кетесің. Ал ең жақын адамдарға мен неге баруым керек, мен бар, сен бар деп жүріп біраз уақыт өтіп кетіпті. Әлі араласпаймыз солай", – дейді продюсер журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында. 

 

Айтуынша, бір кездері өзі бірінші қадам жасап, Баян Мақсатқызымен кездескен.

Барлық жаңалықтар