Гүлзира Айдарбекова: "...мүмкін соғыс болмас па еді"

Гүлзира Айдарбекова: "...мүмкін соғыс болмас па еді"

Инстаграм парақшасында белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жазғы демалысы туралы жазбасында әлеумет және саясат мәселелерін қозғады деп жазады Democrat.kz.

"Бүгін мінекей достарымызбен Алакөлге келіп қалдық. Жан-жақтан келген қаншама қонақтар, бәрі танып-біліп бірі әпке бірі сіңілім деп, танымасам да бауырларымдай ыстық көрінетіндіктен баурап алғым келіп, қолымнан келгенше жылы қабақ танытуға тырысамын.

Алланың маған деген соншалықты мейіріміне ризамын! Бүкіл әлемдегі адамдар бір-бірін шын жүрегімен жақсы көрсе, бір-біріне мейірімділік танытса, өшпенділік арттырмаса, кешірімді болса, мүмкін соғыс болмас па еді. Қатыгездік орнаған жерде тура бір сайтан басқарып тұрғандай көрінеді. Аз ғана өлшеулі өмірде бір-бірімізді өсектемей, мысқылдамай, ұрсып-таласпай, жарқын өмірде неге бақытты өмір сүрмеске…

Ақша үшін қырылатын, екі жүзділік танытатын, алаяқтық жасап біреудің жиып-тергенін оңай жолмен бопсалайтын қаншама қара ниетті адамдар, сол дүниенің бірін де мәңгілік мекеніне алып кете алмайтынын түсінсе ғой.

Қараңызшы қазір соғыс болып жатқан елдегі халыққа түк керегі жоқ. Банктегі жиған ақшаларын да ала алмайды қирап жатыр, 2-3-4 жастағы титтей балалары, тамақ таппай аштан аңырағанда жүрегің тілім-тілім болады.

Бірі баласынан бірі анасынан айрылып, бас-аяғы шашылып, үйсіз-күйсіз жағдайлары ертең қай елдің басына келері беймәлім. Осы көріністің бәрі, ей адамзат есіңді жый, тәубаңа кел деп тұрғандай.

Елі мен жерінің, бауырлары мен отбасының, өзінің шыбын жанының амандығы ғана. Ниетімізді дұрыстап, бақытты сәттерімізді бағалайықшы!" деп жазды Гүлзира ханым.

Барлық жаңалықтар