Қайрат Нұртастың Алматыда өткен концертіне Жұлдыз Әбдікәрімова Астанадан арнайы келіп қатысты деп жазады Democrat.kz.
Бірнеше уақыттан бері ел аузында "Қайрат пен Жұлдыз бөлек өмір сүруде", "Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кеткен" сынды сөздер желдей есіп жүргені мәлім.
Ал енді Қайраттың концертіне Астанадан балаларын ертіп, арнайы келген Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына арнап видео түсіріп, жариялаған соң, елдің пікірі күрт өзгеріп сала берді.
Қайраттың концертінде үнемі тек анасы Гүлзира Айдарбекованың видеолары тоқтаусыз тарайтын бұған дейін. Ал бұл жолы әншінің отбасы, яғни балалары мен Жұлдыздың видеолары әлеуметтік желіні басып қалды.
Осыған қатысты пікір жазғандар Қайрат пен Жұлдыздың бірге жүргеніне қуанып және Гүлзира ханымға қатысты да пікір жазуда.


