Гүлзира ханым: "Жақсы көрем деуге қорқамын"

Гүлзира ханым: "Жақсы көрем деуге қорқамын"

Өзінің ішкі сезімдерімен бөліскен продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына ерекше жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Ол парақшасына былай жазған:

"Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған,бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал Айгера келініміз дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді. Өмірімнің бір бөлігі құрметті менің оқырмандарым: Көп тілеуі көл деген, өмір есігін қазір ғана ашқан немеремізге жүрек жарды дұға, тілек күтемін өздеріңізден! Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Атасын да осында қосып қояйын, атасының жеке келінін құттықтап қойыңыздар! Сүйіншіге атасынан 5 адамға 5 к дан болсын! Аллаға сансыз шүкірлер, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!"

 

Барлық жаңалықтар