Гүлзира ханым келініне елде жоқ сыйлық жасап, жұртты таңғалдырды

Гүлзира ханым келініне елде жоқ сыйлық жасап, жұртты таңғалдырды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бөпелерінің жаңа күтушісін таныстырып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz. 

"Тағыда бір қызды болдым.
Танысып қойыңыздар, есімі Джой" деп жазған Гүлзира Айдарбекова үйлеріне филиппиндік күтуші қыз алғандарын, сол қызбен бірге ағылшын тілін үйреніп жатқандарын айтты. 

Гүлзира ханымның күтуші жалдап, одан бөлек, ағылшын тілін үйреніп жатқанына оқырмандары разы болысты. 

Десек те, кейбірі "неге ағылшын тілінде, қазақша сөйлейтін адам алмайсыз ба?" Деген сыңайда кейістік те танытуда. 

"Күлімдеп тұрады екен, біздің үйде, адамдары да ұнап жатырсыздар деп Джойда мәз. Алдыңғы барған үйден бөлмесі болмай полға жатып, қатал болып, 3 баласына қосымша қарап біраз қиналыпты" деген Гүлзира ханым келініне тоқтамай бала табуды да құлаққағыс етті.

"Өзімен айналыссын. Тағы туа берсін уайымсыз. Үйдің жұмысынан еш келінім қиналған емес, көмекші дайындап берем ғой бәріне де, енді ағылшын тілін меңгеруге қосымша көмек болады. Ұнап жатса басқа келіндерге де қарастырамын"деп пікір жазды Гүлзира Айдарбекова. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз жариялаған сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз)

 

Барлық жаңалықтар