Гүлзира ханым оқырмандарымен ұрсысып, сөзге келіп қалды

Гүлзира ханым оқырмандарымен ұрсысып, сөзге келіп қалды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа образын жариялап, алған көлігін көрсетемін деп оқырмандарымен сөзге келіп қалды деп жазады Democrat.kz.

Әнші Қайраттың анасы алған жаңа көлігін көрсетіп, жаңа образбен ел алдына шыққан видеосын жариялады. 

"Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін.
Лайк басқан оқырмандарыма жұғысты болсын"деп жазып қуанышын бөліскен Гүлзира ханымға оқырмандарының бірі "немерелеріңнің тәрбиесіне қарамайсың ба?" Деп пікір жазды. 

"Немерелеріме тиіспеІ Мен үшін бірі ай, бірі күн! Сенен сұрап ешкім өмір сүрмейді! Сенің өміріңе қызығып тұрған мен жоқ, елде жоқ" деп жауап жазды Гүлзира ханым. 

Мұнан бөлек тағы бір оқырманы "Димаштың анасы сияқты қарапайым болу керек" деп пікір жазып, Гүлзира ханымнан оңбай сөз естіп қалды. 

Барлық жаңалықтар