Гүлзира ханым оқырмандарына қай дұғаның пайдасы барын айтты

Гүлзира ханым оқырмандарына қай дұғаның пайдасы барын айтты

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына шүкір етудің қарапайым жолы туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

"Шет елге барсаңыздар, міндетті түрде сол елдің, қарапайым халқының жағдайын көре кетіңіздер. Неге дейсіздер ғой, өз өміріңізге деген шүкіршілігіңіз артады. Ол сіздің өміріңізге керек, өте маңызды…

Шүкіршілік етіп, Аллаға разылығыңызды білдірген сайын, Алла сізге, “мен саған одан да үлкен бақытты көрсетейін”,-дейді, ал барыңызды бағаламай, ауызыңыздан тек “жо-оқ” деген сөз шыға берсе, өміріңізге нали берсеңіз, нағыз жоқтың қандай екенінің дәмін татасыз.

Мына сөзді күнде айтып, дұға тілеп жүріңіздер!
“Мейірімі шексіз Аллахым!

12 мүшемнің түгел, сау болғаны үшін, ауа жұтып, екі көзім жарық дүниені көріп, барар жеріме екі аяғыммен барып, керек затымды қолыммен ұстай алғаным үшін, жатар жылы төсегіммен, ішерге асым болғаны үшін, осындай әулеттен тарап, маған ұнайтын ата-анамның перзенті етіп, қос-қос бауыр бұйыртқаның үшін, өз отбасымды құрып, ұрпақ сүйіп, құшағыма ұл-қыздарымды құштырғаның үшін, бар жақсының дәмін сезіндіргенің үшін, қоршаған ортама жақсы адамдарды кезіктіргенің үшін, жалпы барлық нығметің үшін разымын”!


Ұйықтар алдында және оянған сәтіңізде, ерінбей 3 мин. уақытыңызды қиып, тіліңізді калимаға келтірумен қатар, осылай өз жан-дүниеңіздегі дұғаңызды айта жүріңізші.

Алланың берері шексіз, соны түсініп шын жүрекпен айтқан кезіңізде бағыңыз арта береді. Ертеңге қалдырмай, дәл бүгіннен бастаңызшы. Еліміз, жеріміз, қаракөз қазағым аман-есен, бай-қуатты болуын Алла қабыл етсін!"деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Барлық жаңалықтар