Әлеуметтік желіде тараған видеода халал тойдың, яғни арақсыз тойдың бір көрінісі жұртты ойға қалдырды деп жазады Democrat.kz.
Видеода "халал" деп аталатын, арақ-шарапсыз тойда кейбіреулердің "харам" тірліктері қалай болатыны анық көрініс тапқан.
Шайнекке бөтелкедегі арақты лықылдата құйып жатқандар кейін сол шайнектен "шай ішкен" болып, кесемен арақты сіміретіні сөзсіз.
Видеоны түсіріп жатқандар да, әлгі тірлікті жасап отырғандар да түк болмағандай мәз-мейрам.