Нарынқол жұрты Дастан Құдабаевтың Райымбек ауданына әкім болып сайлануына қарсы болып отырған көрінеді деп жазады Democrat.kz. тілшісі журналист Ришат Асқарбекұлының ақпаратына сүйеніп.
"Сайлау 3 тамызға белгіленді. Тоқаевқа бейнеүндеу жолдаған нарынқолдықтардың протесті пайда болды. Оған құлақ түрсең– әдәуір мәселе айтылған.
Дастан деген кісі Кегенде, Шонжыда, тіпті Райымбек ауданында да әкім орынбасары болып қызмет етті. Облыстың ауылшаруашылығын басқарды. Бірақ Жоланның кезінде Нарынқолдан кетіп қалды. Себебін өзі біледі.
Бүгінгі үндеу жолдаған жігіттер Дастан Құдабаевтың ауданды дамытуға және атсалысуға сол кезде мүмкіндігі болып еді. Енді қайта келгеннен не пайда деп отыр. Жақында ауданға пресс турмен барып қайттық. Ілгерілеу бар. Бірақ проблема ырғын.
Соңғы 7 жылда үш әкім ауысты. Шама шарқынша жұмыс істеді. Берік Фатықұлы кезінде 15 шақырым орташа жөндеу ғана жүрді. Алайда 89 шақырым автомобиль жолын ешқайсысы салып бере алмады. Кеше ғана шыдамы таусылған аудан тұрғындары ереуілге шықты.
Сосын ең үлкен шаруа - су ирригация жүйесі. Дастан осы шаруаны қолға алып, тындырса көреміз. Өзінің туған жері. Десе де құры отырып кетпейтін әкім болады дейік. Солай боларына сенейік" деп жазды Ришат Асқарбекұлы.