Қоғам белсендісі, блогер Серік Жаңқабай жұрт арасында "қайырымды, көмекші" болып танылған Рысбала Икрамбайға қатысты жазба жариялап, құзырлы органдардың тексеруін сұрады деп жазады Democrat.kz.
"Аты шулы алаяқ коуч Перзиат Қайраттың артында кім болғанын білдік, енді Қазақстанда ойна не келсе соны істейтін, өзіне бағынбаған момындарды қан қақсатқан аты шулы Ырысбала Икрамбайдың тірегі кім екені қызық болып тұр.
Бір демде 30-40 миллион теңгеге сауда жасай салатын, заңсыз латерия ойнатып, ондаған су жаңа көлік асыл қымбат бұйымдар бере салатын, қазір Дубайда қазір Қытайда шалқып өмір сүретін Рысбаланың тірегі дәуде болса мүйізі қарағайдай екен, я?
Енді бүгіндері сол Рысбаладан зардап шеккен мынау Гүлім деген жалғыз басты анаға пәтер әперем деп үйіне келіп, видео түсіріп, өзі мықтап образға кіріп, жылап, инстаграмға пост салып ондаған миллион теңге жинап алып,оны бермей, зар еңіретіп тіпті артынша келіп, полиция, әкіммен қорқытып, білгенін істеп лақтырып кеткен. Сұмдық енді!
Бұл тек біреуі, әлі мыңы жатыр!
Басты мәселе аңқау халықты алдап-арбап млрд-тап ақша жинап судай сапырып шалқып өмір сүретін Рысбала бүгіндері жел бітіп өзіне қарсы пікір айтқан халықты дамбалға теңеп ақты көктіні айтып қарғанып жатыр.
Бұл енді қырсық шалып ұшығына шығайын дегеннің белгісі деп түсіндім мен..
Негізі Қазақстанда лоторея ойнатуға тек «екі жұлдыздың» ғана лицензиясы бар басқа коучтардың заңсыз жұмысын Үкімет және құзырлы органдар, Спорт және Мәдениет министрлігі тез арада тексеру керек екенін талап етеміз!” деп жазды Серік Жаңқабай.