"Халықты "тексіз" деген Ардақ Назаровқа бойкот!"деген блогер үндеу жасады

"Халықты "тексіз" деген Ардақ Назаровқа бойкот!"деген блогер үндеу жасады

Түрлі қоғамдық мәселелерді көтеріп, әлеуметтік желіде проблемаларды ашық айтып жүретін блогер Азамат Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровқа бойкот жариялауды айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Былайғы жұртқа "Аза әпенді" атымен танымал блогер Азамат депутат Назаровтың таяуда берген сұхбатында "менің видеоларымды таңнан кешке дейін қарап, бір бірімен жалғап, кінәрат тауып отырған тексіздер"деген сөзіне ренішін білдірді. 

"Халайық, мына депутатқа бойкот жариялайықшы! Ардақ Назаров өз сөзіне сүзгі жасай алмайтын, мұндайлар депутат болуға лайық емес. 

Орнын босатып, кетсін. Оның орнына Рысбек Сәрсенбайұлы отырсын!

Ардақ Назаров, сені бір адам ғана емес қой, мазақ етіп отырған. Бүкіл халыққа мазақ болдың ғой. Сонда тұтас халық тексіз болғаны ма?

Өзіңді өзің мазақ еттің ғой! Парламентте анаңды құттықтап, жұрттың күлкісіне қалған өзің емес пе?! 

Тексіз деген елдің қамын ойламайтын, мінберге барып, қу басын ойлап, анасын құттықтап отырған адам тексіздің тексізі!"деді блогер Азамат. 

 

Барлық жаңалықтар