"Хаменеи туралы Израильге деректер берген" деген айып тағылып, өлім жазасына кесілді делінген Исмаил Каанидің Израильде жүргені туралы дерек тарады деп жазады Democrat.kz.
Түрік басылымы Haberler-дің жазуынша, өлім жазасына кесілген Исмаил Кааниді біреулер Израильде көрген.
Иран жұртшылығы "Аль-Кудс" басшысы Исмаил Каани аятолла Хаменеидің резиденциясына американдық-израильдік шабуылдарының болуына себепші деп таныған болатын.
Осыдан кейін оны Иранда өлім жазасына кесілетіні туралы ақпарат тараған.
Ирандық БАҚ Кааниді ондаған жылдар бұрын Моссад жалдағанын және оның арқасында Израиль Иранның да, оның Таяу Шығыстағы одақтастарының да көптеген функционерлерін жоя алғанын жазады.