"Хан" тамаданың досы": Елдос Сметовтің видеосы жұрттың ашуына тиді

"Хан" тамаданың досы": Елдос Сметовтің видеосы жұрттың ашуына тиді

Танымал спортшы Елдос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарынан оңбай сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz. 

Елдос Сметов желідегі парақшасында көлігінде көңілді әнге селкілдей билеп, қара жолда зырылдап бара жатқан видеосын жүктеді.

Көлік жүргізіп келе жатқан Елдос Сметов қорғаныш белдігін тақпаған.

Оқырманның қырағы көзі бірден осы заңсыз әрекетке түсті. "Сонда бұған заң жоқ па?", "ремень тақпау заң бұзу емес пе?", "трассада ременьсіз еркін зуылдап келе жатқаны қалай?" дескен жұрт спортшының бұл әрекетін сынап тастады. 

Ал спортшының "Ақтауда" әніне тағы да ременьсіз билеген видеосына біреулер "Хан" тамаданың танысы ма?", "Хан" деген досың бар ма?", "Хан тамаданың досы" деген пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар