ТикТок әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде діни тақырыпқа пікірлескен қазақтың баласы "ханафиттер адасқандар" деп мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
"Қазақтың сәлем салу, отқа май құю, домбыра дегендері түгел харам.
Әбу ханифаның бізге түк қатысы жоқ. Ханафиттер, құраниттер, сүлейменшілердің бәрі адасқандар.
Ұстазымыз ғалым Шамс Аль Мариф. Салафизмнің негізін қалаушы.
Қазақтың барлық қызының никаб киіп жүргенін қалаймын" деген баланың ашықтан ашық басқа ағымды насихаттап, қазақ ұлтының салт дәстүріне, дәстүрлі дініне қарсы шығып "харам" деп отыр.