АҚШ-тың әйгілі HBO кинокомпаниясы культтік «Гарри Поттер» франшизасына негізделген жаңа сериалдың түсірілімін ресми түрде бастағанын хабарлады.
HBO Max-тың ресми Instagram парақшасында сериалдың басты кейіпкерін сомдайтын жас актер - Доминик Маклафлиннің алғашқы кадры жарияланды. Суретте актер түсірілім алаңында арнайы тақтайшамен (хлопушка) тұрған. Көпшілік оның бейнесінен алғашқы фильмдегі Дэниел Рэдклиффтің жас кезіндегі келбетін байқағанын жазуда.
HBO жаңа жобаның басты кейіпкерлерін сомдайтын актерлердің есімдерін де жария етті:
-
Гарри Поттер – Доминик Маклафлин
-
Гермиона Грейнджер – Арабелла Стэнтон
-
Рон Уизли – Аластер Стаут
-
Невилл Долгопупс – Рори Уилмот
-
Дадли Дурсля – Амос Китсон
-
Мадам Роланда Хуч – Луиза Брили
-
Гаррик Олливандер – Антон Лессер
-
Профессор МакГонагалл – Джанет Мактир
-
Северус Снейп – Паапа Эссиеду
-
Люциус Малфой – Джонни Флинн
-
Альбус Дамблдор – Джон Литгоу
Сериал түсірілімі Ұлыбританиядағы Warner Bros. студиясында (Ливсден қаласында) өтіп жатыр. Көптен күткен премьера 2027 жылы HBO платформасында көрсетіледі деп жоспарланған.
АҚШ БАҚ-тарының хабарлауынша, сериалдың әрбір эпизоды HBO компаниясына шамамен 75 миллион фунт стерлингке түседі. Сонымен қатар, Гарри, Рон және Гермиона рөлдеріндегі үш жас актердің табысы бұрынғы фильмдердегі жұлдыздардан да жоғары болмақ.
Сарапшылар мен жанкүйерлер бұл жобаның «Гарри Поттер» ғаламын жаңа буын көрерменге қайта таныстыратынына сенімді. Еске сала кетсек, актер Том Фелтон жақында Драко Малфой рөлін Нью-Йорктегі Бродвей сахнасында қойылатын «Гарри Поттер және қарғыс атқан бала» спектаклінде қайта ойнайтыны белгілі болды.