"Хиджабтағы әйелім оразада көзіме шөп салды" деген тиктокер масқара нәрсені айтты

"Хиджабтағы әйелім оразада көзіме шөп салды" деген тиктокер масқара нәрсені айтты

Әлеуметтік желіде дін жолында жүрген, хиджабтағы әйелінің өзіне сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын айтқан тиктокер көп отасыдағы ең сорақы жағдайдың шетін ашқандай болды деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінен парақша ашқан жігіт заңды некедегі әйелінің өзіне жасаған сатқындығын айтып, күйінді. 

"Әйелім иманды, хиджабта жүретін келіншек еді. Арамызда үш баламыз бар. Алайда хиджабта жүрген әйелім, ол хиджабты керек кезде ғана киіп, керек емес кезде шешіп тастап жүрген екен. 

Наурыздағы ораза айында мешітте уағыз тыңдап жүрмін деген әйелім басқа нәрсемен айналысып жүргенін кейін білдім. Ұстаз әйелдермен моншаға барамын, 4 сағатта қайтамын деген әйелім сол түні таңғы 2-3-ке дейін үйге келмеген. 

Таңғы 2-3- те хабарласып, қайда жүргенін сұрасам, "мен де адаммын, еркін жүруге болмай ма"деп өзіме кінә артып, кейін үйге келген соң, арамызда біраз реніш болды. 

Арада біраз уақыт өткенде, әйелімнің басқа еркектермен алмасып жүрген смстерін көріп қалдым. Үлкен жастағы, үш әйелі бар кісіге "төртінші әйелің етіп мені алшы" деп жалынып жазған хаттарын оқыдым. Арада басталған жанжалдың ақыры екеуміздің ажырасуымызға апарып соқты", - деген тиктокер өзіне жасалған бұл сатқындыққа жаны күйіп, үш күннен бері ұйықтай алмай, қиналып жүргенін жеткізді. 

Бұл видеоға қатысты "бір рет измена жасаған адам, өзгермейді", "пәленің бәрі хиджаб кигендерден шығып жатыр қазір", "сұмдық екен" деген пікір жазған жұрт жағасын ұстауда. 

 

Барлық жаңалықтар