"Хиджабты шешіп еркіндікке қол жеткіздім" деген блогер жан сырын ақтарды

"Хиджабты шешіп еркіндікке қол жеткіздім" деген блогер жан сырын ақтарды

Діни хиджабын шешкен блогер Ақнұр Әбуназар қазіргі ішкі сезімдері туралы бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Орамалды шешкеніме 4 ай болды. Не өзгерді?

Бұл шешімді қабылдау мен үшін оңай болған жоқ.
Қоғамнан емес, ең алдымен — өз ішімдегі үнімнен қорықтым.

“Орамал таққан кезімдегі мен — босқа кеткен бе?”
“Сенімім әлсіз болғаны ма?”
“Мені бұрын қандай құрметтесе, енді сондай көре ме?”
деген сұрақтар ұзақ мазалады.

Қазір…
Жол ашылып келе жатқанда артқа тартатын бір нәрсе бар —
Жаңа таныстарым, жаңа оқырмандарым:
“Сен бұрын орамал таққансың ғой?!”,
“Қалай сонда шешіп тастадың?”,
“Не себеп болды?”,
деп сынай, таңдана қарайды.

Бірақ мен қазір түсіндім:
Сұрақ оларда емес. Сенім де. Шешім де менде.
Мен ештеңені жоғалтқан жоқпын.
Керісінше, өткеніме де, бүгініме де жауапкершілікпен қарап,
өсу жолымды таңдадым.

Бүгін, шешкеніме 4 ай өткенде, мен мынаны байқадым:

🔹 Ішкі еркіндігім артты – енді біреуге жақсы көріну үшін емес, өзімді естіп, өзімді қабылдау үшін өмір сүріп келем.
🔹 Сынайтындар аз, қызығатындар көп – “Сен өзгергеніңмен әдемілігің де, тереңдігің де жоғалмапты” дейтіндер жиі кездесті.
🔹 Жолым ашылды – менің нағыз энергиям, менің өзіме деген шынайылығым көбейген сайын, жұмысым да, айналамдағылар да өзгерді.

Жоғалтқаным жоқ.
Керісінше, таза, шынайы ӨЗІМДІ таптым.

Бұл пост – орамал шешуге шақыру емес.
Бұл – өзіңді тыңдап көруге шақыру.

Сен қайда жүрсең де, қандай киімде жүрсең де,
ең бастысы – өзіңе адал болсаң болды" деп жазды блогер. 

Барлық жаңалықтар