"Иіскеп - иіскетіп" жүргендер жұмыстан қуылсын!" деді қоғам белсенділері

"Иіскеп - иіскетіп" жүргендер жұмыстан қуылсын!" деді қоғам белсенділері

Екі күннен бері қазақ қоғамы әнші Наркенже мен филармония басшысының арасындағы мәселені қызу талқылауда деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, әнші Наркенже өзіне бастығы тиісіп, "иіскет" деп айтқанын мәлімдеп видео жариялаған болатын. 

Артынша Наркенже сөз еткен Түркістан облыстық филармония басшысы Ғалымжан Ерназаров өзіне жала жабылғанын айтып, сотқа арызданғанын мәлімдеді.

Арада көп уақыт өтпей, Наркенже мен Ғалымжанның "достық жеңді, біз өзара түсіністік" деген видеосы тарады. 

Наркенжені жақтап, Ғалымжанды даттағандар да, керісінше басшыны ақтап, әншіні кінәлағандар да аң-таң күйде қалды. 

Десек те, қоғамды шулатқан осы мәселеге басқа қырынан қарап, баға берген кей азаматтар мәдениет саласынан Наркенжені де, бастығы Ғалымжанды да алыстатуды талап етуде.  

Мәселен, танымал педагог. білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы "Түркістан облыстық филармониясының есеп-қисабын тексеруді" сұрап жазба жариялады.

"Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" дегендей екеуінің дауы неден басталды?

Біреуі "Иіскет деді, көнбеген соң сахнасыз (жалақысыз) қалдым" деді.

Екіншісі "жала, өзі бір күні Жезқазғанда, бір күні тағы бір жерде тойда жүріп, жұмысқа келмейді" деді..

Жұмысқа келмейтін адамға неге мемлекет жалақы төлеу керек?

Филармония бастығы өз қалтасынан төлесін..

филармонияның есеп-қисабын тексерсін..

Салық төлеушінің ақшасын қор қылмай екеуін де мемлекеттік мекемеден қуу керек..

Еліміздің мәдениет саласы дәл осыларсыз күйреп кетпес..." деп жазды Өмір Шыныбекұлы.

Ал қоғам белсендісі Бурабайдың Жеңісі Наркенжені де, бастығын да жұмыстан қуу керек екенін айтады. 

"Кеше ғана боздап отырған-ды. «Қазақ қыздары қол астында кетіп барады!» деп әншілерді, бишілерді «кір майлық» қылған-ды.

Бүгін беттесіп, сөйлесіп, сұқбаттасып әмпей-жәмпей боп қапты.

Арманның алдында ән айтқан бұ қыз, одан кейін оны «ұмытты". Себебі...

Бұл тойда ән айтып жүру керек, ал қалған адамдар жұмыс істеу керек пе!? Аты бар, заты жоқ мұндай әнші кімге керек!?

Жұмыс болған соң, Құдайдың кенжесі болса да, жұмыста болуы керек қой, мың жерден әулие, еркесі болса да.

Жұмыстан екеуі де кетсін! Қазақ қызының ар-абыройына кір келтірмей!

Директор «иіскемейтін» болған шығар енді..." деп жазды Бурабайдың Жеңісі.

Барлық жаңалықтар