"Имам бомж емес": Мешіт имамының әйелі жан айқайын жеткізді

"Имам бомж емес": Мешіт имамының әйелі жан айқайын жеткізді

Әлеуметтік желіде имамдардың жалақысына қатысты тағы да сөз бола бастады деп жазады Democrat.kz.

Infozko парақшасында ауылдық жердегі мешіт имамының әйелінің анонимді хаты жарияланды. Ол хатта имамның әйелі мешіт молдасының қызметіне өте төмен ақы төленетінін айтып, өз ұсынысын да жасапты.

"Үлкен мешіттерде тазалаушы болады. Кіші мешіттерде: охранник,дворник, техничка бәрін имам жасайды. Фото отчет жіберіп отырады.

Мысалы мұғалім, дәрігер т.б бір жерде пенсияға шықса, имамдарда олай жоқ. 5 жыл сайын орын ауыстырады. Ол балаларға қиын. Бір жерге енді үйреніп келе жатқанда көшіп қонып жүрү.

Имамға ақша бермеү үшін қырқы,жылы т.б садақаларға үлкен кіші болсын садақаға келген тумалардың ішінен Құран білетін біреу құран оқыса болады. Имам да адам отбасы бар.

Садақаға шақырып қарнын тойғызсаң, жүре беретін бомж емес. Имам болу үшін адам бос болуы керек. Қонақасы садақа жаназа барлығын жоспарлай алмайсың.

Сенбі күні өл дей алмайсың ғой мысалы. Ал мешітке садақа беру бермеу әркімнің өз еркі. Ол түскен ақшаға ешкім вилла алмайды.

Жолаушы , сол мешітке келушілердің дәрет суы, светін төлеу әркімге бұйырмайтын сауап іс. Қазір жолдасым имам емес.

Біреу аяқ асты қайтыс болып, немесе қысылып жатса дем салдыртайын деп шақырса бармайды. Себебі басқа жұмыста, кез келген уақытта бара алмайды.

Кейде болады адам қайтыс болып оң жаққа жатқызып берші деп хабарласса, телефонмен түсіндіреді,бара алмайды.

Имамдықты "услуга" деп қабылдау керек сияқты. Клининг, сантехник, т.б .сияқты. Айтпақшы имамдыққа кез келген адамды қабылдамайды.

Оқу керексің, жоғары білімді болуың керек. Қазір Нур мубаракта оқу ақысы1 млн төлем ақысы. Медресе оқысаң да уақыт өте жоғары білім талап етеді" дейді.

Барлық жаңалықтар