Атыраулық Жансая есімді әлеуметтік желі қолданушы мешітте басынан өткен жайт туралы жазып, мамның әрекетіне қатысты оқырмандарына сұрау салды деп жазады Democrat.kz.
"Қыздар қызық айтайын. Атырауда орталық мешітте неке қидыруға бардық, имам "как положено" некемізді қиды, сосын маған айтады "күйеуіңнің есімі әдемі екен ( есімі Нұржан) есімімен атама, басқа ат қой" дейді , өте әдемі есім деп 3-4 рет қайталады.
( ішімдегі феминист Жансая Алланың үйін сыйлағаннан үндемей қалды) Сосын сыртқа шыққан соң күйеуім айтады, "имам маған ғашық боп қалған сияқты ғой" деп әзілдеп.
Әйелге неге осындай заңдар жоқ? Әйеліңе қарап қатты ұрыспа , айқайлама деген?Менде сұрақ қалып қойды неге екен деп? Неге әйел адамға ондай заттар жоқ? Бұл жерде біреуді мазақ қылу үшін жазбадым", деген Жансая әйел мен еркекке бірдей шарттар болуы керегін айтады.
Ал оның оқырмандары имамның бұл әрекетін түсінбек дал болуда. "Нұржан" деген аттың соншалықты қандай ерекшелігі бар?", "неге әйелге күйеуінің атын атауға болмайды?", "ойдан шығарып алған", "имамның әрекеті біртүрлілеу сияқты" дегенге саятын пікірлер жазуда.
